БАЛА

lat: BALA z a t.

з а т. 1. Ата-ананың перзенті, ұрпақ; тұқым. Құнанбай баласында сенің кегің болса, біздің де өшіміз бар, - деді Дәркембай (М.Әуезов, Абай жолы). Сол жақта қатарласып кемпірдің баласы, тағы да бір- екі қожа, тағы бір кемпір, Алтын дейтін молда отыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Атадан балаға ауысып келе жатқан дәстүр бойынша ұлымды тіземе мінгізе отырып, Отырарды қорғау жолында түгелдей опат болған ұлы бабаларының жанқиярлық күресін сан рет әңгімеледім (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. Нәресте, сәби, бөбек. Ол уақыттағы адамның санасын, саңылауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта түсуіміз керек (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Бәрің кеп жолығатын не жұмыс бар?

Мені жөнге салатын қандай күш бар?

Алдым қатын, тастадым, онда жұрттың,

Жұмысы не болғандай сонша құштар?

Шырағым, тарылмашы, балаға ұқсап! (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бала- адамның бауыр етіақал-мәтел)

3. Жан-жануарлардың күшігі, құстардың балапаны.

Ақ сұңқардың баласы

Күйі түспей қу алмас (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Үй-үйдің алды өңшең желбірек ақ сиса көйлек киген бала қаздар тізіліп тұра қалғандай уыз аппақ (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.).

4. а у ы с. Ержетіп ысылмаған; жас, балғын.

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа (Абай, Тол. жин.).

Күн кеш болған соң бала қойшы қойды ауылға әкелді (І.Жансүгіров, Шығ.).

Отырды кеп жартасына

Сондай бір күн бала жігіт.

Жұлдызы бар арқасында.

Таңқалыса қарады жұрт (С.Мәуленов, Тартыс.).